Биылғы жылы Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының құрылғанына 30 жыл толды. Осыған орай, мекеменің құрылғанынан күні-бүгінге дейінгі тарихы, атқарған қызметі туралы ақпараттар мен фото-суреттер көрініс тапқан кітап-альбом жарыққа шығарылды.
Кітаптың мазмұны мекеменің 30 жылдық тарихы, облыс ескерткіштерінің зерттелуі, ескерткіштер тізімі жөнінде, мекеме тарапынан жарыққа шыққан басылымдар, мекеме басшылары, тарихи-мәдени мұраны сақтау жұмыстары, далалық зертеу жұмыстары, археологиялық экспедициялар, мәдени-көпшілік шаралар, мекеме ұжымы және экспедициялық фотолар секілді бөлімдерден құралған.