АТЫРАУДА ОРТАҒАСЫРЛЫҚ КЕРУЕН-САРАЙДЫҢ ОРНЫ ТАБЫЛДЫ.

Экспедиция барысында мекеме мамандары Жылыой ауданынан бұрын-соңды белгісіз болған Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан жаңадан  ортағасырлық керуен-сарайдың орнын анықтады. Бұған дейін де мекеме мамандары көптеген тарихи-мәдени маңызы бар жерлерді, белгілі тарихи тұлғалардың құлпытастарын зерттеп анықтап жүрген болса, осы жолғы табылған керуен-сарай орны өлке тарихы үшін құнды жәдігер болып табылады.

Яндекс.Метрика