Атырау облысы Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия

10 ақпанда облыс әкімінің орынбасары Б.Хаменованың төрағалығымен Атырау облысы Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия отырысы өткізілді. Комиссия отырысына Құрманғазы ауданының әкімі Қ.Нұртаев және зиялы қауым өкілдері қатынасты. Сонымен бірге, Исатай ауданының әкімі М.Мурзиев, Атырау қаласы әкімінің орынбасары С.Емберген, Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары А.Кенжебеков селекторлық режимде қосылды. Комиссия отырысында Атырау қаласында және Қызылқоға, Исатай, Құрманғазы аудандарында орнатылуы жоспарланып отырған ескерткіштерге қатысты мәселелер мен мемориалдық тақта орнатуға келіп түскен ұсыныс талқыланды. Тақырып бойынша Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Рысқалиев, Атырау облысы Сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы Г.Арыстанова баяндама жасады.

Яндекс.Метрика