9 желтоқсан күні Атырау облысы әкімдігі ғимаратында Атырау облысының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия мәжілісі өтті. Комиссия мәжілісін Атырау облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы Б.Хаменова ашты. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Рысқалиев баяндама жасады.