Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының жылдық іс-шаралар жоспарына сәйкес жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймағын анықтау мақсатында мекеме басшысының орынбасары Т.Достыбаевтың жетекшілігімен мекеме мамандары қазіргі уақытта Жылыой және Мақат аудандарында іссапарда жүр.
Биылғы жылдан бастап орталық ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тарих және мәдениет ескерткіштерін ғылыми зерттеу жұмыстарын атқаруға арнайы лицензия алған еді. Осыған сәйкес орталық тұңғыш рет ескерткіштердің қорғау аймағының жобасын жасау жұмыстарын ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 ж. 14 сәуірдегі «Тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағын, құрылыс салуды реттеу аймағын және қорғалатын табиғи ландшафт аймағын және оларды пайдалану режимін айқындау қағидаларын бекіту туралы» №86 бұйрығына сәйкес жүзеге асыруда. Алдағы уақытта анықталған қорғау аймақтарының жобасы Атырау облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілетін болады.