Наименование памятника: Памятник Государственной и общественной деятельнице, виднейшей личности казахской поэзии, обладательнице Государственной премии Фаризе Онгарсыновой (1939-2014 гг.)
Типологическая принадлежность: Сооружение монументального искусства
Периодизация памятника: 2016 г.
Местонахождение памятника: город Атырау, проспект К.Сатпаева
Исторические данные: Фариза Онгарсынова родилась 25 декабря 1939 года в ауле Манаш, Новобогатинского района, Гурьевской (ныне Атырауской) области. Все ее ранние стихи были посвящены родному краю. Окончив в 1961 году филологический факультет Гурьевского педагогического университета, она работала на педагогическом сфере. Литературную работу начала в 1966 году в газете «Коммунистік еңбек», затем трудилась в разных республиканских изданиях. Первая книга Ф.Онгарсыновой - поэтический сборник «Соловей» увидел свет в 1967-м. Позже были изданы на казахском и русском языках «Алмазный клинок», «Гордое поколение», «Ожидание солнца» и другие книги. Ф.Онгарсынова писала и прозу - в 1976 году вышел сборник художественных очерков «Высота», затем была написана документальная повесть «Камшат», она писала и литературно-критические статьи, занималась переводами. На ее стихи написано немало песен, ставших популярными в народе. Работая главным редактором республиканского литературно-художественного журнала «Тумар», всегда поддерживала молодых талантливых литераторов. Поэтесса неоднократно возглавляла жюри в номинации «литература» международного фестиваля «Шабыт». Талант Фаризы Онгарсыновой был достойно отмечен государством, она была удостоена звания «Народный писатель Республики Казахстан». Заслужила Государственную премию Республики Казахстан. Награждена орденом «Знак почета». В 2009 году за выдающиеся заслуги перед государством и обществом Президент Н.А.Назарбаев вручил Ф.Онгарсыновой орден «Достық». Глава государства, поздравляя Ф.Онгарсынову с ее 70-летним юбилеем в декабре 2009 года, отметил, что она внесла огромный вклад в развитие страны - как поэт, журналист и депутат Парламента РК.
Описание памятника: Памятник поэту возведен на проспекте К. Сатпаева в городе Атырау. Высота бронзовой статуи составляет 4,10 метра, а высота восьмиугольного гранитного постамента - 4,50 метра. В одном из углов постамента написано имя поэта, в остальных семи по строке стихотворений королевы поэзии. Вес 2 тонны. Автор памятника – скульптор Мурат Мансуров, архитектор композиции – Серик Рустембеков.
Статус памятника: В списке предварительного учета объектов историко-культурного наследия
Ескерткіштің атауы: Мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ поэзиясының ең көрнекті тұлғасы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Фариза Оңғарсынованың (1939-2014 ж.ж.) ескерткіші
Типологиялық тиістілік: монументтік өнер құрылысы
Ескерткіштің кезеңділігі: 2016 ж
Ескерткіштің орналасқан жері: Атырау қаласы, Қ.Сәтбаев даңғылы
Тарихи деректер: Фариза Оңғарсынова 1939 жылы 25 желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданы, Манаш ауылында дүниеге келген. Ол алғашқы өлеңдерін өзінің туған жеріне арнап шығарды. 1961 жылы Гурьев педагогикалық университетінің филология факультетін бітіріп, педагогикалық салада жұмыс істеді. Әдеби жұмысын 1966 жылы «Коммунистік еңбек» газетінде бастап, кейін республикалық басылымдарда қызмет етті. Ф.Оңғарсынованың алғашқы кітабы – «Бұлбұл» поэтикалық жинағы 1967 жылы жарық көрді, кейін қазақ және орыс тілдерінде «Алмас қылыш», «Күнді күту» , «Намысты ұрпақ» және басқа да кітаптар жарық көрді. 1976 жылы «Биіктік» көркем очерктер жинағы шықты, содан кейін «Кәмшат» деректі повесі жазылды, сондай-ақ әдеби-сын мақалалар жазып, аудармалармен айналысты. Оның өлеңдеріне халық арасында танымал болған көптеген әндер жазылған. Фариза Оңғарсынқызы Республикалық «Тұмар» әдеби-көркем журналының бас редакторы болып жұмыс істей жүріп, жас талантты әдебиетшілерге әрдайым қолдау көрсетті. Ақын «Шабыт» халықаралық фестивалінің «Әдебиет» номинациясында бірнеше рет қазылар алқасын басқарған. Фариза Оңғарсынованың талантын мемлекет лайықты атап өтті. Ол «Қазақстан Республикасының Халық жазушысы» атағына ие болды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болды. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. 2009 жылы мемлекет пен қоғам алдындағы ерен еңбегі үшін Президент Н.Ә.Назарбаев Ф.Оңғарсыноваға «Достық» орденін табыс етті. Мемлекет басшысы Ф.Оңғарсынованы 2009 жылғы желтоқсандағы 70 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, оның ақын, журналист және ҚР Парламентінің депутаты ретінде еліміздің дамуына зор үлес қосқанын атап өтті.
Ескерткіштің сипаттамасы: Ақын ескерткіші Атырау қаласындағы қазақ ғылымының заңғар тұлғасы Қаныш Сәтпаев даңғылында бой көтерді. Қола мүсіннің биіктігі 4,10 метр, ал 8 бұрышты гранит тұғырдың биіктігі 4,50 метр. Оның бірінде ақынның аты-жөні, қалған жетеуінде поэзия падишасының өлеңдерінен бір шумақтан жазылған. Салмағы 2 тонна. Мүсінші – Мұрат Мансұров, композиция сәулетшісі – Серік Рүстембеков.
Ескерткіштің мәртебесі: Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала есепке алу тізімінде
Monument name: Monument to the State and public figure, the most prominent personality of Kazakh poetry, winner of the State prize Fariza Ongarsynova (1939-2014)
Typological affiliation: monumental art structure
Periodization of the monument: 2016
Location of the monument: Atyrau city, K.Satpayev avenue
Historical data: Fariza Ongarsynova was born on December 25, 1939 in the village of Manash, Novobogatinsky district, Guryev (now Atyrau) region. All her early poems were dedicated to her native land. After graduating from the faculty of Philology of the Guryev Pedagogical University in 1961, she worked in the pedagogical field. She began her literary work in 1966 in the newspaper "Kommunistik enbek", then worked in various republican publications. The first book of F. Ungarsynova - the collection of poetry "Nightingale" was published in 1967. Later, "Diamond Blade", "Proud generation", "Waiting for the Sun" and other books were published in Kazakh and Russian languages. F. Ongarsynova also wrote prose - in 1976 she published a collection of art sketches "Height", then a documentary story "Kamshat" was written, she also wrote literary and critical articles, was engaged in translations. Many songs have been written on her poems, which have become popular among the people. Working as editor-in-chief of the republican literary and art magazine "Tumar", she always supported young talented writers. The poetess has repeatedly headed the jury in the category "literature" of the international festival "Shabyt". Fariza Ongarsynova's talent was honored by the state - she was awarded the title "People's Writer of the Republic of Kazakhstan". She won the State Prize of the Republic of Kazakhstan. She was awarded the Order of the “Badge of Honor”. In 2009, President N. Nazarbayev awarded F. Ongarsynova the Dostyk order for outstanding services to the state and society. The head of state, congratulating F. Ongarsynova on her 70th birthday in December 2009, noted that she made a huge contribution to the development of the country - as a poet, journalist and deputy of the Parliament of the Republic of Kazakhstan.
Description of the monument: The height of the granite pedestal is 5 meters, the most three-ton sculpture made of bronze is 4 meters. The author of the monument is sculptor Murat Mansurov.
Monument status: In the list of preliminary registration of the historical and cultural heritage of the Atyrau region