Махамбет аудандық кітапханада 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай «Тарихтан тағылым: өткеннің ізі, болашақтың негізі» атты дөңгелек үстел өткізіліп, мәдени шара барысында еліміздің тарихи-мәдени мұраларын сақтау, насихаттау және өлкетану бағытындағы мәселелер қозғалды.
Осынау басқосуда Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы басшысының орынбасары Фархад Байдаулетов Атырау өңірі құлпытастарындағы ру таңбалары туралы жөнінде тұшымды баяндама жасады.
Жиынға қатысушылар аталмыш тақырып аясында айрықша қызығушылық танытып, ру таңбалары төңірегіндегі ой-тұжырымдарын ортаға салды.
Шара соңында қатысушылар тарихи-мәдени мұраны сақтау мен насихаттау ісіне жаңаша серпін беру, өлке тарихына қатысты мәліметтермен көбірек бөлісу туралы өз ойларын ашық білдіріп, аудан көлемінде тарихи мұраға қызығушылығы бар азаматтардан өлкетану бағытында қоғамдық ұйымға бірлесу туралы ұйғарымға келді