Кеше Құрманғазы ауданындағы «Хиуаз» ауылында Халық қаһарманы, ұшқыш-штурман Хиуаз Доспанованың тұлғалық бюст-ескерткішінің салтанатты ашылуы болды.
2022 жылғы 12 сәуірдегі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы негізінде бой көтерген батыр қыздың кеуде мүсінінің ашылу жиынына ауыл ақсақалдары мен тұрғындары, Хиуаз Доспанованың туған-туысқандары, мектеп мұғалімдері мен оқушылары, Атырау облысы мемлекеттік архиві басшысының орынбасары, ҚР Журналисттер одағының мүшесі, журналист Тұрсын Қалимова, Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының басшысы Толыбай Достыбаев, аудан әкімінің у.м.атқарушы А.Мұратов, аудандық маслихат төрағасы Гүлжанат Қалиева, облыстық маслихат депутаты Замзагуль Карсакова, аудандық «Серпер» газетінің бас редакторы Айнагүл Шакупова және аудан әкімдігінің бөлім басшылары қатысты.
Шарада тұңғыш ұшқыш-штурман Хиуаз Қайырқызының өмірбаяны, соғыстағы көзсіз ерлігі мен тұлғалық болмысы туралы айтылды.
Мүсіннің авторы - мәдениет қайраткері, мүсінші Б.Мұхамеджанов.