ЦЕНТР ИССЛЕДОВАНИЯ ИСТОРИКО-КУЛЬТУРНОГО НАСЛЕДИЯ АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ

"18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау" күніне орай дөңгелек үстел

17-сәуір күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде Зерттеу орталығының ұйымдастыруымен "18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау" күніне орай дөңгелек үстел өтті. Тақырыбы: «Атырау облысының тарихи-мәдени мұрасы: зерттеу және сақтау мәселелері». Жиынға мәдениет мекемелерінің басшылары, қала және аудандық мәдениет бөлімдерінің басшылары мен мамандары, тарихшылар мен өлкетанушылар қатынасты.

Шараны Атырау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ә.Жоламанов ашып, тақырып аясында зертеу орталығының басшысы Т.Достыбаев, Атырау облыстық өлкетану музейінің археологы А.Қалшабаев және Сарайшық музей қорығының Бас инспекторы А.Тұрарұлы баяндамалар жасады. Кейін, тарихи-мәдени мұра объектілеріне қатысты мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, Атырау облысының тарих және мәдениет ескерткіштерінің және зерттеу жұмыстарының фото-көрмесі ұйымдастырылды.

Шара соңында өлке тарихын зерттеуде өзіндік үлестері бар өлкетанушылар мен мамандар марапатталды.

Яндекс.Метрика