Бүгін, облыс әкімінің орынбасары Ж.Бисембиевтің төрағалығымен Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия отырысы өткізілді. Комиссия отырысында екі мәселе қаралды.
- Ескерткіштер орнату жөніндегі ұсыныстарды талқылау;
- Мемориалдық тақталарды орнатуға келіп түскен ұсыныстарды талқылау.
Тақырып бойынша Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысының міндетін атқарушы Ә.Қыстаубаева баяндама жасап, комиссия мүшелерімен талқыланды.